Нөсер жауын жауады: Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
Қазақстанда циклон және атмосфералық фронттармен нағыз күзгі ауа райы тұрақталды. Еліміздің солтүстік өңірінде нөсер жауын жауып, күндіз ауа температурасы +10-20°С, республиканың оңтүстік бөлігінде +18-25°С, климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша, мемлекет аумағында мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады. Тек батыс облыстарда жауын-шашын тоқтап, температура нормаға дейін жоғарылауы ықтимал.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2019 г. 740 0