Полиция инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Полиция инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылдыСырдария аудандық прокуратурасымен азамат С.Сандыбековтың орын алған жол көлік оқиғасы бойынша қозғалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсі зерделеніп, нәтижесінде Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) инспекторы Т.Камаловтың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Нақтыласақ, 19.01.2014 жылы орын алған жол көлік оқиғасы бойынша Бөлімнің инспекторы Т.Камаловпен, құқық бұзушы С.С.Сандыбековке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 468-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы жасалынып, негізінен қарау үшін аудандық сотқа жолданған.
Өз кезегінде, аталған іс бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты аудандық сотының 27.02.2014 жылғы ұйғарымымен іс кері қайтарылған.
Дегенмен, Бөлімнің инспекторы Т.Камалов іс бойынша сотпен көрсетілген кемшіліктерді жоймай, істі сотқа қайта жібермеген.
Бұған қоса, Кодекстің 580-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын және 650-бабының талаптарын басшылыққа алып, Бөлімнің инспекторы Т.Камалов 03.03.2014 жылы әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының құрамының болмауына байланысты, азамат С.Сандыбековке қатысты қозғалған істі қысқарту жөнінде заңсыз қаулы қабылдағандығы анықталды.
Осылайша, Бөлімнің инспекторы Т.Камаловтың Кодекстің талаптарын өрескел бұзуынан аталған жол көлік оқиғасы бойынша құқық бұзушының он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылықтан босатылуына жол беріп, «әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру мәселесі» қамтамасыз етілмей қалған.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты, аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде, бұған дейін Бөлімнің инспекторы Т.Камаловпен заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгені ескеріліп, өз құзыретiне кiретiн мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықты жасағаны үшін облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұйрығымен Бөлімнің инспекторы Т.Камаловқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2014 г. 897 0