Облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімі, облыстық ІІД және «Қоғам ТВ» телеарнасымен біріге отырып, рейд ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған рейд суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда да болды. Рейд барысында Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ басшысының орынбасары Б.Оқасов журналистерге сұхбат берді. Ол атқарылған жұмыс пен Суда құтқару қызметі мамандарының азаматтардың суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы, судағы қайғылы жағдайларды болдырмау шаралары барысында атқарып отырған үгіт-насихаттық жұмыстары турасында айтылды. Қазіргі таңда осы бағытта төмендегіше жұмыстар атқарылауда. Қаладағы адам көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қозғалмалы ақпараттандыру бекеті арқылы, яғни дауысзорайтқыш арқылы ересектер мен балалардың суда қауіпсіздік ережесі талаптарын мұқият сақтауы қажеттілігі туралы сөз сөйлеулері ұйымдастырылды. Суға түсу мерзімінде жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған мамандар мен жастарды қоғамдық құтқарушы ретінде жұмысқа тарту туралы айтылды.