"Голос. Дети" байқауында көрермендендің көзайымына айналған қазақстандық жас әнші Ержан Максим ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған
KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы жас таланттың анасы Гүлмира Әлібек мәлімдеді. Оның сөзінше, Ержан отбасымен бірге Ресейге 5 жылға қоныс аударған.
"Ержан Игорь Крутойдың музыка академиясында оқиды. Ол жерде біз жалдамалы пәтерде тұратын боламыз. Қазір ұлым "Евровидениеде" өнер көрсетуге дайындалып жатыр", - деді ол.