« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бұл туралы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратынын облыс бойынша сектор меңгерушісі Салауат Құлмахан айтты.
«Соңғы кезде жер қатынастары саласындағы заңнамалық құжаттарға көптеген өзгерістер енгізілді. Онда жер телімін беруге қатысты өтініштердің мерзімі регламенттелгеніне қарамастан жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңбұзушылықтардың орын алуы әлі де кездеседі», - дейді ол.
Сондай оқиғалардың бірі Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде тіркелді. Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Медеубаева кент әкімдігінің әрекетіне қатысты шағымданып, құқығын қорғауды сұраған болатын.
Кәсіпкер өтінішінде 2018 жылдың 7 қарашасында Әйтеке би кенті әкімдігі комиссия шешімімен жеке кәсіпкер Медеубаеваға 990 шаршы метр жер телімін береді. Әрі қарай 2019 жылдың 17 мамырында Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімімен жерге орналастыру жобасына бұйрық шығарылады.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының облыс бойынша сектор меңгерушісі Салауат Құлмахан: «Жер кодексінің талаптарына сай жер комиссиясының оң шешімі мен уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасы түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган шешім қабылдауы тиіс. Алайда, Әйтеке би кенті әкімдігі комиссияның оң шешімі мен бекітілген жобаның болғандығына қарамастан заң талаптарын бұза отырып, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған. Мәселені шешу үшін біз облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен бірге жұмыс жасадық», - дейді.
Жер қатынастары саласындағы заңнама талаптары бұзылып жатқандығы туралы ақпарат түсісімен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Әйтеке би кенті әкімдігінде тексеру жүргізіп, әкімдіктің кәсіпкердің өтінішін қарау барысында заң талаптарын сақтамағандығын анықтады. Нәтижесінде кент әкімі Жарасхан Мұратбаевқа 75 750 теңге айыппұл салынды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |