Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тағайындалғаны туралы әріптесі - министр кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев мәлімдеді. Қыдырәлі Болманов - танымал қазақстандық әнші және композитор. Өз мансабын "АБК" музыкалық тобында бастаған. Болманов "Ұлытау" музыкалық ұжымының продюсері және ойыншықтарды өндіруге маманданған "Балбала" компаниясының негізін қалаушы.