Жергілікті «Жасыл ел» жасақтарының қатысуымен «Жеңіс» саябағында жүздесу өтті. «Қазақстан жолы-2050; бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тақырыпты арқау еткен кездесу еркін сипатта жүргізілді.
–Жастар-мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Жыл сайын дәстүрлі Жолдауда жастар қауымына деген қамқорлық ерекше. Мемлекет басшысының қолдауының нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде жастар саясатына зор көңіл бөлініп келеді. Ендігі кезекте Жолдауда айтылған басым бағыттардың орындалуына әрбір жас өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ортақ мақсат пен мүдде аясында жүктелген сенімді абыроймен бірлесіп атқарамыз деген ойламын–деді, облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі Жасұлан Алдабергенов.
Айта кету керек, облыстық «Жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен жүздесуде жергілікті «Жастарды қолдау орталығы» бөлімшесі мамандары мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері өз ойларын ортаға салды.