Байқау жарияланды

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) «Қоғамдық саясат» бастамасы аясында қазақстандық жас зерттеушілердің арасында қоғамдық саясат мәселелерін қамтитын оқу семинарларына қатысуға байқау жариялайды. Жоба қазақ тілінде жүзеге асырылады.
СҚҚ-ның бұл бастамасының мақсаты – Қазақстанда жас зерттеушілердің әлеуетін арттыру арқылы қоғамдық саясат саласын дамыту, сондай-ақ қоғамдық диалогқа ықпал ету.
Қоғамдық саясат (public policy) – қоғамдық маңызы бар мәселелерді анықтай отырып, оларды шешу мақсатында мемлекет, азаматтық қоғам және жеке сектордың жүйелі түрдегі өзара әрекеттестігі.
Өтінім берушілер төменде келтірілген тақырыптық салалар аясында зерттеменің 2 (екі) нақты тақырыбын таңдауы тиіс:
Экономика
Білім және ғылым
Денсаулық сақтау
Қызметкерлердің еңбек құқықтары
Байқауға қатысуға шақыртылған тұлғалар:
Қазақстанның ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының қызметкерлері;
Дербес зерттеушілер;
Шетелдік және қазақстандық ЖОО магистранттары.
Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:
Зерттеу жұмысының тәжірибесі (кем дегенде 2 жыл);
Жас мөлшері 35-тен аспауы тиіс.
Байқау нәтижесінде жобаға 10-12 қатысушы іріктеліп алынады.
Байқаудың мерзімі:
Қорға өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі* – 23 қыркүйек 2019 ж. (сағат 23:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
*Ескерту: Сорос-Қазақстан қоры осы байқауды өткізу мерзіміне аздаған өзгертулер енгізіп отыруы мүмкін.
Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:
Өтінімде келесі пішімдер қамтылуы тиіс:
«Өтінуші туралы мәліметтер» толтырылған пішімі;
«Мотивациялық хат» толтырылған пішімі;
«Зерттемелік қызығушылықтар саласы» толтырылған пішімі;
«Өтінушінің резюмесі» толтырылған пішімі;
Ізденушінің таңдауынша өз зерттемесінің не жарияланымының үлгісі.
Өтінім үлгісін мына сілтеме бойынша арқылы жүктеп алуға болады.
Қажет болған жағдайда Қор қатысушыдан осы байқауға қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
ӨТІНІМДЕРДІ application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com электронды мекенжайларына жіберіңіз.
«Хабарлама тақырыбы» жолында «PPI_training» деп көрсетуіңізді сұраймыз. Хабарламаның жалпы салмағы 3 мегабайттан аспауы тиіс.
Жобаның кезеңдері:
Жобаның қатысушыларын іріктеу – қыркүйек 2019 ж.
«Саяси-сараптамалық зерттеудің негіздері» семинары (policy research design) – қазан 2019 ж.
Тәлімгер-сарапшымен бірлесе отырып саяси-сараптамалық жазбаның (аналитическая записка) жоспары мен жалпы шеңберін анықтау – қазан 2019 ж.
Зерттеу жүргізу (мәлімет жинау, сараптау, жұмысты аяқтау) – қазан-желтоқсан 2019.
БАҚ-қа арналған мәтін жазу/Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану (SMM)/Фактчекинг/Зерттеу меня презентацияға арналған әдіс-тәсілдер» семинары – қараша 2019.
Зерттеу нәтижелерін әлеуметтік желілерде таныстыру және ілгері жылжыту жоспарын дайындау, жүзеге асыру – желтоқсан-қаңтар 2019 ж.
Байқауға қатыса отырып, үміткерлер жобаның барлық кезеңдеріне толықтай қатысатынын растайтынын ескеруі тиіс. Іріктелген жоба қатысушыларының басым көпшілігі қай аймақтардан екеніне қарай, семинарлар Алматы немесе Нұр–Сұлтан қалаларында өтеді.
Байқауға қатысты қоятын сауалыңыз болса, Сорос-Қазақстан қорының Бағдарламалар директоры Бота Аязбаеваға bayazbayeva@soros.kz электронды мекенжайы, не +7 (727) 258 13 54 (і.н. 1005) жұмыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2019 г. 379 0