Мемлекеттік және жекеменшіктік әріптестіктің дамуы қалай жүруде?

Мемлекеттік және жекеменшіктік әріптестіктің дамуы қалай жүруде?Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 11 шілдеде «Қызылорда облысында мемлекеттік және жекеменшіктік әріптестіктің дамуы» тақырыбында дөңгелек стол отырысы өткізілді. 
 Қазіргі кезде маңызды ірі жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың осы мәселеге қатысты хабардарлығын көтеру, концессиялық жобаларды іске асыру барысын талқылау Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелдің басты тақырыбына айналды. Әлемдік практика мемлекеттік ресурстардың шектеулігі жағдайларында объектілерді құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі МЖӘ тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр. 
Дөңгелек стол барысында іс-шараға қатысушылар  мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясындағы кедергілерді, мемлекеттік жеке меншіктік әріптестік  ұлттық және халықаралық тәжірбиесін, Қызылорда облысындағы  концессиялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. 
Дөңгелек столға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, «Қазақстандық мемлекеттік –жеке меншіктік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ойнаров, «Бәйтерек» ҰБХ жанындағы «Мемлекеттік- жеке меншіктік әріптестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы Елжан Біртанов, мемлекеттік орган басшылары, кәсіпкерлердің Өңірлік кеңесінің мүшелері, екінші деңгейлі банк, бизнес өкілдері, өңір кәсіпкерлері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2014 г. 881 0