Белкөлде көптеген проблемалар шешілуде

Белкөлде көптеген проблемалар шешілудеҚызылордада қалалық ішкі саясат бөлімінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры жалғастырылуда. БАҚ өкілдері бұл жолы қалаға қарасты Белкөл кентінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Белкөл кенті негізінен Белкөл, Бірқазан, Көкжиде елді мекендерінен тұрады. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша кент тұрғындары өткен жылы 9,5 миллион теңгеге несие алып, өз кәсібін дөңгелетсе, биылғы жылдың 6 айының өзінде 3 азамат 8 млн.теңге несие алып, кәсіптерін ашуда. 
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша кенттегі «Амангелді» және «Бірқазан» шаруа қожалықтары селекциялық жұмыстар үшін 1 млн. 80 мың теңге қайтарымсыз субсидия алды. Кентте жұмыс орын аша отырып, салық базасын ұлғайту мақсатында да жұмыс жүргізілуде. Биылдың өзінде Белкөлде 5 кәсіпкерлік нысаны ашылады деп межеленуде. Онымен бірге, бүгінде жалпы құны 400 млн. теңге болатын «Мұнай жөнелту терминалының құрылысы» жүргізілуде, жоба іске қосылғанда 24 адам жұмыспен қамтылады.
Тұрғындардың қала әкімімен кездесуі барысында айтқан ұсынысына сәйкес осы жылы кенттегі Әбдіқадырв көшесінің электр желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен  40 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, кенттің жарықпен қамтылуын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 3 млн. теңгеге ТП құрылысы салынды және 1 көше көшесі асфальттануда. Биылғы жылдағы маңызды жаңалықтардың бірі – тұрғындардың ұзақ жылдардан бері көтеріп келе жатқан мәселесі оң шешімін тапты. Кенттегі құрылысы 22 жылдан бері тұрып қалған көпқабатты тұрғын үй құрылысы жалғастырылуда, жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде  36 пәтер қоныс тойын тойлайтын болады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2014 г. 690 0