Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айбек Әбу 6 айдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті.
Баспасөз маслихатында сот төрағасы БАҚ өкілдерін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылдың 6 айының қорытындысымен таныстырды.
Есепті кезеңде сот өндірісіне 56 адамға қатысты 41 қылмыстық іс, 149 талап арыз (арыз), 1 азаматтық іс соттылығы бойынша және 312 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен. Түскен қылмыстық істердің 54 адамға қатысты 38 қылмыстық ісі қаралып аяқталса, қозғалған 140 азаматтық істің 132-і шешім шығару арқылы аяқталған. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот өндірісіне 312 әкімшілік іс түскен. Аталған әкімшілік істердің 278-не өз дәрежесінде әкімшілік айыппұл салынса, 32 әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. 2 іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылған.
Осы кезеңде соттың 2 қылмыстық іс бойынша үкіміне апелляциялық, кассациялық шағымдар келтіріліп, нәтижесінде сот үкімі күшінде қалдырылса, азаматтық істер бойынша 7 сот шешіміне апелляциялық шағым, 1 ұйғаруына апелляциялық жеке шағым келтірілген. Сот актілері күшінде қалдырылған.
Қылмыстық істердің басым көпшілігі ұрлық, тонау және бұзақылық қылмыстары құраса, азаматтық істердің басым көпшілігі бала асырап алу 59,0%, ата-аналық құқығынан айыру 10,7%, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау 9,4%, баламен кездесу уақытын белгілеу жайлы 10,0%-ды құраған.
Баспасөз маслихатында сонымен қатар, 6 қылмыстық және 1 азаматтық істің ҚР Медиация туралы заңы қолданылып, қаралғаны аталып өтті.