Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
«Тағы бір өзекті мәселе - бұл оқулық сапасының төмендігі. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондықтан Тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе арттыруды тапсырғанын еске салды. «Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», - деді Тоқаев.