Жас спортшы жан тәсілім етті

"Тобыл" клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды, - деп хабарлайды Sputnik.kz қостанайлық команданың ресми саитына сілтеме жасап. 
Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.

"Николай Жуков бірнеше маусымды "сары-жасылдардың" қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. "Тобыл" футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады", - делінген қазанамада.

"Тобылдың" экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.   

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 314 0