Жаңа стартап жоба басталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының жастарына арналған жаңа стартап жоба таныстырылды.
«Kyzylorda Business Hub» деп аталатын байқау 16-29 жас аралығында бизнес жасауға мүдделі жас кәсіпкерлердің өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Жоба авторы Жандос Оразмаханов байқау арқылы жастардың кәсіпкерлік сана және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, беделді кәсіпкерлерден сабақ алу және бірлесе жұмыс жасау, жобаға ақшалай сыйақылар және инвесторлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы айналым StartUp-Weekend-те облыстың барлық ауданы бойынша 400-ден астам қатысушылар арасынан іріктеу жүреді. Екінші кезеңде Camp-work - жартылай финалға іріктелген 80 қатысушылармен бизнес лагерь ұйымдастырылады. 3 кезеңде, яғни финалда үздік 20 жоба арасындағы жеңімпаздарды анықталып, инвесторлық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, жоба жеңімпаздарына І орынға 500 мың, ІІ орынға 250 мың теңге, ІІІ орынға 150 мың теңге табысталады.
Байқауға қатысу үшін www.kyzylordahub.kz сайтына кіріп, өтінім жолдау керек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 тамыз 2019 г. 403 0