Облыстағы жастар саны 177 мыңға жуықтады

Қызылорда облысында 14 пен 28 жас аралығында 176 746 жас бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.
Өңірдегі 176746 жастың 72 614-і яғни 41 пайызы Қызылорда қаласында тұрады. Бүгінде 101100 жас экономикалық белсенді азамат ретінда танылған. Оның 4200-ы жұмыссыз ретінде тіркелген.
– Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен 4,2 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ, NEET санатына жататын, жұмыста немесе оқуда жоқ жастардың деңгейі 8,3 пайызды құрап, көрсеткішіміз Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шымкент қаласынан кейін 5 сатыда тұр, – дейді Қуаныш Жанұзақов.
Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 5390 жас енгізілген, оның 3234-і ауыл жасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2019 г. 437 0