29 тамыз күні бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді

Синоптиктер 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігі циклонның және сонымен байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде жауын-шашын болып, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-екпіні 20, 23 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде жел қарқыны 15-20, күндіз 15-20, 23-28 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысында желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 17-22 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.  
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні - 15-20 м/с. Қарағанды облысында жел жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарыың кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Жамбыл облысында желдің күші 15-20, 23-28 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүтстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2019 г. 339 0