Қызылордалық полицейлер қарақшылық жасаған төрт күдіктіні ізін суытпай құрықтады, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ішкі істер органына хабарлама 26 тамыз күні түскен. Белгілі болғандай, қаруланған 4 адам облыс орталығындағы сауналардың біріне кіріп, кассирден 96 500 теңге ақшаны тартып алып, қашып кеткен.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көп ұзамай күдіктілердің біреуі ұсталды. Ол – балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Оның екеуі де балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде полицейлер оларды да құрықтады.
Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігінің 1.4-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеу мен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.