Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің аудандарға жұмыс сапары барысында Арал қаласының мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Өткізілген шараға Департамент басшысының міндетін атқарушы Б.Байхожаев пен Арал ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Н.Бохаев қатысты.
Жәрмеңке барысында 100-ден астам аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, сондай-ақ, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, азаматтар арасында «Digital agent» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік органдардың жұмысының сапасын бағалау мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында жұмыс іздеуші аудан тұрғындарына жергілікті мекемелерден 290-нан астам астам бос жұмыс орындары ұсынылды.