Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен үш адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. № 7 клиникалық қалалық ауруханасына 1991 жылғы екі науқас түсті.
"Біреуінің басы жарылған (бас сүйек миы жарақат алған", "миы шайқалған", "оң жақ төбе сүйегі сынған". Жағдайы орта деңгейлі ауырлық. Екіншісінің бас сүек ми жарақатын алған, "миы шайқалған". Жағдайы орта деңгейлі ауырлық. Үшінші науқас Орталық қалалық ауруханасына "сол жақ жіліншігі сынған", оң қолының шынтақ бөлігі сынған". Сол иығы жырылған. Жағдайы орта деңгейлі ауырлық", - делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Осыған дейін, Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды. Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Айта кетейік, Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты. Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Себеп - көрші тұрған екі көңіл көтеру орындарының келушілері арасындағы жанжал шыққан.