« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жылы "BAUER group" ЖШС "Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы мен пайдалануға берілуі" жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру туралы ұсыныс түсірді. Аталған ұсыныс облыстық білім басқармасы тарапынан жан-жақты қаралып, бұл жобаны іске асырудың қажеттілігі және тиімділігі жөнінде қорытынды шығарды. Сонымен қатар, жобаның бизнес-жоспары сараптамадан өтіп, оның оң қорытындысы алынды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі 5 жылды – 2020 жылдан бастап, 2024 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Жоба бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасы 938,4 млн теңгені құрады. Оны жүзеге асыру мерзіміне байланысты бөлінетін қаржы көлемі төмендегідей көлемде бекітілді. 2020 жылы – 200,8 млн теңге, 2021 жылы – 191,9 млн теңге, 2020 жылы – 185,1 млн, теңге, 2023 жылы – 180,2 млн теңге, 2024 жылы 180,2 млн теңге.
Жоба бойынша инвестициялық шығындар өтеледі, сондықтан жобаның мерзімі аяқталғаннан кейін нысан мемлекеттік әріптестің меншігінде қалады. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 163 бабының 2 тармағына сәйкес, аталған МӘЖ жобасы бойынша 2020-2024 жылдарға 938,4 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік міндеттемелер облыстық мәслихаттың ағымдағы жылдың 19 тамызында өткен кезектен тыс 35-ші сессиясында қабылданды.
"СБ" ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |