Сахара шөлінде табиғаттың тылсым құбылысы «NASA»-ның нысанына ілікті. Төбеден түсірілген сурет көзге қатты ұқсайды. Бір қызығы бұған дейін ғарышкерлер мұны бағыттарын айқындау үшін пайдаланып келген.
«Сахара көзінің» диаметрі 50 шақырым. Бұл суретті Халықаралық ғарыш стансасы экипажының бір мүшесі 410 шақырым қашықтықта түсірген. Бұған дейін аталған нысанды ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский фото нысанаға айналдырған. Әйткенмен, оның суреті соншалықты сәтті шықпады.