ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциялары өткізілуде.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Акцияға өкілдікке қарасты қалалық мешіттер атсалысып, облыстық, қалалық білім басқармаларынан алынған және мешіттерімізге өтінім білдірген тізім бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларын, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды қосқанда 600 балаға оқу-құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелері таратылды.
Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Мектепке дайындық маусымында ұйымдастырылып жатқан игі акция қыркүйек айына дейін облысқа қарасты аудан мешіттерінде де өз жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі