« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
"Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық туристер үшін Қазақстанда тартымды жерлерді қалыптастыру, сондай-ақ этнотуризмді дамыту жөнінде өзінің пікірімен бөлісті.
– Көптеген шетелдік туристерді бес жұлдызды қонақүйлер, курорттар сияқты әмбебап дүниелер жалықтырды. Оларды әртүрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеу, барған елдің тарихымен танысу қызықтырады. Сондықтан, әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге баруға, тарихи фестивальдарға және көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысуға деген сұраныс артып отыр. Біз осындай үрдістерді пайдалануымыз қажет. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуеті мен оны дамытудың міндеттері туралы айта келіп, кәсіби кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды.
– Туризм – өте күрделі сала. Тиісті мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан Туризм университетін ашу жөнінде шешім қабылдадық. Дәл осы салада жұмыс істей алатын білікті кадрларды дайындауымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент туризмді дамыту аясында өңірде көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және Қазақстанның барлық рекреациялық аймағында қонақүйлердің, тамақтанатын және демалатын орындардың құрылысына кәсіпкерлерді тарту қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы креативті және инновациялық шешімдердің көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
– Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туристерді Қазақстан туралы, ең алдымен, Ұлытау және оның басқа да тарихи орындары жөнінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграцияланған қолданбалы бағдарлама немесе платформа әзірлеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ұлытаудың киелі нысандары отандық және шетелдік туристерді тартатын орындарға айналатынына сенім білдірді.
Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдық рухты дамытуға пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.
Форум соңында Қазақстан Президенті «Jezkiik» халықаралық музыкалық фестивальдің концерттік бағдарламасын көрді, сондай-ақ, қалпына келтірілген ұлттық киімдер топтамасы қойылған және атты-шабандоздардың шоуы көрсетіліп жатқан этноауылға барды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |