Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет

24-26 тамыз аралығында республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады», делінген хабарламада.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 тамыз 2019 г. 458 0