Сәл-пәл үрей пайда болды - Головкин Деревянченкомен алдағы жекпе-жегі жайлы

Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен орта салмақта бос тұрған IBF титулы үшін өткізетін жекпе-жегі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz
 Таяуда қарсыластар Нью-Йоркте бірінші рет кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізген. Өз мәлімдемесінде Головкин сәл-пәл үрей пайда болғанын айтқан.  Қазақстандық Деревянченконы көп уақыттан бері білетінін айтқан.  "Алаңдап отырмын. Бұл жағымды сыйлықтай. Біріншіден, екінші үйіме оралғаныма өте қатты қуаныштымын. Карьерам бойында қолдау білдіріп келе жатқан Madison Square Garden отбасына алғысым зор. Әрине, алаңдау бар, жағдайды түсініп отырмын. Деревянченко шын мәнінде жақсы боксшы. Жағдайды түсінемін, бұл ойын емес, нағыз жекпе-жек. Сәл-пәл үрей бар, себебі ол өзіне сенімді - бапкерін тыңдап көріңіздер! Ол дұрыс айтып отыр. Оның командасы өте мықты", - деді Головкин алдағы кездесуі жайлы.  Қарсыластар көз арбасқан. 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2019 г. 313 0