Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңға жуық жұп ажырасып кеткен

Қазақстан ажырасу деңгейі бойынша әлемде 10-орында тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат Economist порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 63 917 неке қиылып, 29073 ажырасу тіркелген. Яғни, некелескендердің 45,5 пайызы қайта айырылысқан.
Осы жағымсыз тенденциямен күресу үшін  маусым айында отбасылық соттар жанынан «Бақытты отбасы»  ілкі жобасы қолға алынған.  Мұндай орталықтарда психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкердің кеңесін тегін алуға болады.
«Аталған кезеңде отбасын ресурстық қолдау орталықтарының көмегіне 600-ден астам адам жүгініп, 250-ге жуық жұп татуласуға келісті. Арасында 21 жастағы жас та, 62 жастағы жасамыс та бар. Өтініш берушілер арасында некеде тұрғандары 10 жылға жетпегенде саны – 345, 20 жылға  дейінгілер саны – 124, 20 жылдан асқандар – 27. Яғни,  Қазақстанда ажырасу жас талғамайтын болған», - дейді  Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы Зульфия Байсақова.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2019 г. 255 0