23 тамызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты шығыста және оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, шығыста – кей жерлерде нөсер жаңбыр. Сондай-ақ, шығыстың кей жерлерінде желдің күшеюі,  дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта тұман түседі.
Шығыс Қазақстанда, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.
 Қарағандыда түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Алматы, Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2019 г. 263 0