« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышынБайқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру сынағы сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Роскосмос телестудиясы бортында робот бар «Союз МС-14» кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәтін стартқа жарты сағат қалғанда тікелей эфирден көрсете бастады.
Осы уақыт ішінде тікелей эфир қатысушылары «Союз МС-14» ғарыш кемесінің ұшуға дайындығы, «Союз -2.1а» зымыран-тасығышының құрылу тарихы және «Фёдор» алғашқы ресейлік адамтектес роботы туралы видеоны тамашалады.
Белгілі болғандай, «Союз -2.1а» алғаш рет 2004 жылы ұшырылған. «Союз» ресейлік зымыраны бүгінгіні қосқанда 1910 рет ғарышқа жіберілген.
Ұшырылым белгіленген уақытта – 2019 жылдың 22 тамызында, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 09 сағат 38 минутта өтті. Репортаж жүргізушінің хабарлауынша, барлығы штаттық режімде өткен. Әуеге көтерілгеннен кейін оныншы минутта ғарыш кемесі зымыран-тасығыштан бөлініп, «Союз МС-14» орбитаға шыққан.
Ғарыш кемесінің бортында, командирдің орнында ресейлік робот Федор отыр. Оған Skybot F-850 аты берілген. «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылар алдында робот ұшу алдындағы дайындық туралы баяндады. «Кеттік!» пәрменін айтуды да ұмытқан жоқ. 10 минут бойы ұшудың параметрі мен байқаған жағдайлар туралы комментарий білдіріп отырды.
«Орталық машина құрастыру ғылыми-зерттеу институты Ұшуды басқару орталығының ақпараты бойынша, «Союз МС-14» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) жақындауы және түйісуі екі тәуліктік кесте бойынша жүзеге асады. Түйісу Нұр-Сұлтан уақытымен 2019 жылдың 24 тамызында 11 сағат 30 минутқа жоспарланған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |