«Қазгидромет» РМК Маңғыстау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
22 тамыз күні Маңғыстау облысынының кей жерлерінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавл қаласында 22 тамызда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %.