Елбасы Сапарбаевты мақтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты әкім және министр қызметіндегі жұмысы үшін мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
 Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы шенеуніктерге кабинетте отырмай, халыққа шығу керек екенін айтты.  
"Проблема туралы тіс жармау - жұмыстың ең жаман түрі. Шешімін табу керек, сұрақтарға жауап беріп, халықпен кездесуден қорықпау қажет. Бірақ бәрі бірдей жаман жұмыс істемейді, бізде халық алдына шығатын, сұрақтарға жауап беруден қорықпайтын министрлер, әкімдер бар. Бердібек Мәшбекұлы, баршаның атынан вице-премьер қызметіне тағайындалуыңмен құттықтаймын. Сен төрт облыстың әкімі болдың. Біз халықпен сөйлестік, олар бізді түсінді. Бәрі солай болды ғой?", - деді Елбасы.  
Бұған дейін Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2019 г. 773 0