« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге және автокөлік ойынға салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Акцияның мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру.
«Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады»,- делінген Комитет хабарламасында.
Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |