Қазалыда ауызашар беруге кезек күткендер көп

 Қазалыда ауызашар беруге кезек күткендер көпҚазалы ауданында жаны жомарт, қолы ашық, сауапты амалдарға жетік адамдардың көптігі осы ораза айында байқалды. Жанқожа батыр орталық мешітінде ауызашардың алғашқы күнінде ауданның бас имамы Қайрат Дәуіржанұлы бастап, қалған алғашқы аптасын оның қарамағындағы дін қызметкерлері: А.Аманқұлов, Ж.Абдірахманұлы жалғастырды. 
Сондай-ақ ауданымызға белгілі кәсіпкер Сәбит Аралбаев ай бойы ауыз аштырып, тіпті сәресілерінде беремін деп ауызы берік жандарға жомарттықтың өнегесін көрсетті. Сонымен қатар аудандық аурухана ұжымы Нұрлан Кәрібаев, «Орын-Ай» базарындағы «Арзан» көтерме сауда орталығының қожайыны Әділет, Жасұлан, Алтынбек Орынбасарұлы, Қанат Сүйеубаев, Манас Бегарыстанов, белгілі кәсіпкер Пахраддин Өтеев, №5 кәсіптік білім беру колледжі Болат Ахметовтің ұжымы, кәсіпкер Нұртай Жарылқасынұлы, Несібелі Әбдіразақова, Дінмұхаммед Тәжікенов, Кенже-Әлі Асқар, Дүзелбаевтар отбасы, Нұрбек Төлековтер ауыз аштырды. 
"Әлі де орталық мешіт асханасына ауыз ашар беруге ШЧ-40 мекемесінің басшысы Ғ.Ысқақовтың ұжымы, Еркебұлан Мақсатұлы және т.б. азаматтар тапсырыстарын беріп кезектерін күтуде. Ал қасиетті Қадір түні қарсаңында аудан әкімі Бахыт Жаханов ауыз ашар өткізбекші" деп хабарлайды аудан әкімі баспасөз қызметі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 шілде 2014 г. 930 0