Футболдан үшінші аудан біріншілігі аяқталды

Кеше Қазалыда спорт күні мерекесіне арналған шарада футболдан үшінші аудан біріншілігінің жабылу салтанаты өтті. Төрт айға созылған аяқдоп аламанына 10 команда қатысып, екі айналым бойынша өз бақтарын сынаған болатын. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған құрметті қонақтар қатысты.

Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша «Намыс» командасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды «Мирас» және «Достық» командалары өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларға Қазалы аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов медальдар мен кубоктарын табыстады. Сондай-ақ, турнирде үздік деп танылғанБақтияр Саламатовты «Үздік қақпашы», Айболат Сахиевты «Үздік қорғаушы», Батыр Бахиды «Үздік жартылай қорғаушы», Қанат Кежденбекті «Үздік шабуылшы», Арыстанбек Құлмағамбетовты «Үздік ойыншы», Нұржан Жұмабайды «Үздік сұрмерген», Қасымжомарт Нажмадинді «Үздік жас ойыншы», Ардақ Жұмахметовті «Үздік жаттықтырушы», Мұхтар Шүленбаевті «Үздік ұйымдастырушы», Мнажадин Өтеевті «Үздік демеуші», «Қайсар» командасының жанкүйерлерін «Үздік жанкүйер» арнайы бағамдарменмарапаттады.

Сонымен қатар, чемпионаттың өз дәрежесінде өтуіне қолдау көрсеткен футбол демеушілеріне де құрмет көрсетілді.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2019 г. 395 0