Бүгінде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде.
Оған әлемнің көптеген мемлекеттерінен өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған боз кілем шеберлері қатысып жатыр. Байрақты додада бақтарын сынаған Сыр елінің балуандары жарысты тамаша жетістіктермен бастады.
100 келі салмақ бойынша боз кілем үстінде өнер көрсеткен жерлесіміз Мақсат Исақабылов барлық қарсыластарының жауырынын жерге тигізіп, Азия чемпионы атанды. Мақсат өткен жылы да Азия біріншілігін жеңіп алған болатын.
Сонымен бірге, осы жарыста тағы бір жерлесіміз Жайдарбек Есенов 82 келіде қола медальға ие болды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.