Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды

 ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының канкулдар мерзімін белгіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 - 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді. Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ.

Құжатқа бойынша, оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

«Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады», - делінген министр бұйырғында.

Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері төмендегідей:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнге, яғни, 2019 жылғы 28 қазан - 3 қараша аралығына жоспарланған. Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы13 күнге белгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалыс белгіленген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 тамыз 2019 г. 417 0