Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-нің болжамына қарағанда, 19-21 тамызда Ақмола облысында күн күркірейді. 19 тамызда күндіз, 20-21 тамызда тәулік бойы бұршақ жауып, солтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұруы мүмкін. Кей жерлерде 20-21 тамызда түнде және таңертең тұман түседі.
Көкшетауда 19 тамызда таңертең және күндіз күн күркірейді. Ықтималдық – 85-90%. 19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Петропавлда 19 тамыздың түнінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Ықтималдық – 90-95%. 19 тамыз күні Атырау облысында 35-39 градус ыстық болады деп күтілуде. Бұл күні Атырау қаласында 36 градус ыстық болады деген болжам бар. Ықтималдық – 85-90%. 19 тамыз күні Батыс Қазақстан облысында 31-36 градус ыстық болады деп күтілуде. Оралда 19 тамыз күні 34-36 градус ыстық болады. Ықтималдық – 90-95%. 19 тамызда күндіз Қостанай облысында күн күркіреп, 35 градус ыстық болады. Ықтималдық – 90-95%. 
Ал Қызылорда облысында 19-21 тамызда шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 тамыз 2019 г. 469 0