Министр: Қазақстандық ұстаздар бес күндік жұмыс аптасына өтеді

Қазақстандық ұстаздар бес күндік жұмыс аптасына өтетін болды.

Бес күндік оқу жүйесіне ауысқан мұғалімдер сенбі күні жұмысқа келмеуі керек. Аптаның алтыншы күнін ұстаздар өз қалаулары бойынша өткізетін болады дейді министр. Ол бұл жүйе заң жүзінде енгізілетінін айтты.

"Бес күндік жұмыс аптасы туралы сұрақтар өте көп. Біз белгілі бір мектептердің бес күндік оқу жүйесіне ауысқанын білеміз. Бірақ осы тұста сұрақтар көп. Оқушылар бес күн оқиды да, мұғалімдер алты күн жұмыс істейді. Бұл жүйе бойынша жұмыс жасамайтын аймақтар да бар. Дегенмен, бізде бір қалыпты жағдай орын алуы керек. Біз заңды қарадық. Бес күндікке ауысқан мекеп мүғалімдері бес күн ғана жұмыс істеулері керек. Бұған ешқандай шектеу жоқ", - дейді Аймағамбетов. 

Сонымен қатар, министр Қазақстанның латын қаріпіне көшуі туралы тақырыпқа ерекше ден қойды. 

"Біз бұл жұмысты асықпай, графикке сәйкес, біртіндеп жүргізуіміз керек", - дейді министр. 

Бұған дейін ғылым және білім министрлігінің бұйрығы бойынша мектеп, балабақшалар, колледждер, арнайы білім мекемелері, жоғарғы оқу орындары 2025 жылға дейін латын қаріпіне көшуі тиіс екені айтылған.

Елімізде педагогтардың аттестациядан өту жүйесі өзгеретіні туралы министр хабар берді. Білім министрлігінің басшысының ақпараты бойынша 120 мың мұғалімнің аттестацияның арқасында жалақылары көтерілген. 

Педагогтар мен мекеменің басшылық бөлімінің кәсіби деңгейінің көтерілуі ұлттық квалификацияланған тест арқылы жүзеге аспақ. 

"Сонымен қатар, ұлттық квалификациялық тесті өткізу жүйесі өзгертілетін болады. Ол толығымен автоматтандырылады. Басшылықтың араласуы мүмкін болмайды. Біз мемлекеттік қызметке алу тесті білім жүйесіне де енгізбекпіз. Квалификация сынағынан өтетін уақыт пен орынды тест тапсырушы өзі шешетін болады", - дейді Аймағамбетов. 

Сонымен қатар, мұғалімдерді қатаң тексермейтін болады. Өйткені барлығы электронды  түрге ауыстырылады. Рұқсат берілмеген құралдарды қолданған мамандар тест тапсырып, дәрежесін көтеру жұмыстарынан 5 жылға шеттетілетін болады.


Дереккөз: Stan.kz


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 тамыз 2019 г. 1 260 0