« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысында өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында Жергілікті полиция қызметімен «Жүргізуші, жолда абай болыңыз!» атты кең көлемді профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды азайту.
Акция аясында жол бойындағы қызмет көрсету нысандарында полиция қызметкерлері жүргізушілерге «Жүргізушілер! Жолдарда абай болыңыз, сіздерді жолдарда жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, жолаушылардың өмірі сіздің қолыңызда!» ұранымен брошюралар таратып, сондай-ақ, жүргізушілерге трассада ұйқы мен демалу режимін сақтау туралы ескертулер айтылды. Өйткені, жүргізушілер ұзақ уақыт көлік жүргізу кезінде шаршап ұйықтап қалуы салдарынан да қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін.
Қазіргі таңда жолдарда автомобиль көлігі саны өсуде. Жол- полициясының міндеті - жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен жүргізушілердің өздері де заң талап ететін ережелерді қатаң сақтау керек.
Айта кететін жайт, көптеген жүргізушілер жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей өрескел заң бұзушылықтарға жол береді, олар: мас күйінде көлік жүргізу, қарсы бағытқа шығып кету, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, көлік құралын басқарған кезде ұялы телефон немесе радиостанцияларды пайдалану болып табылады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |