« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Германия елінен арнайы мұғалім келіп, оқушыларға неміс тілінен сабақ берді.
Өткен жылдан бастап Қызылордадағы Зияткерлік мектеп «SES-сарапшылар» жобасына белсенді қатысып келеді. Жаз айларында Германиядағы жетекші қоғамдық ұйым өзінің аға мамандарын білім ордасына жіберіп, 7-10-сынып оқушыларына арнап арнайы тілдік курстарын өткізеді.
Биылғы оқу жылында қызылордалық өрендерге Германия, Ресей, Танзания, Эфиопия жерінде білім беру ұйымдарында неміс тілін оқытуда тәжірибесі мол Ангелика Нибоер есімді шетелдік сарапшы сабақ берді.
Сабақтар 7-10-сынып оқушыларынан құралған екі топта жүргізілді. Шетелдік мұғалімнің ерекше оқыту методикасы оқушылардың тілдік дағдыларын арттыруға бағытталды.
«Оқу жоспарда неміс тілінде еркін сөйлеу, оқу мен жазу грамматикасы негізінде құрастырылды. Бұл оқушылар неміс тілін небәрі бір жыл оқыса да, тілді меңгеру деңгейі жоғары деп толық айта аламын», – деді сарапшы.
Естеріңізде болса, өткен оқу жылынан бастап өңірдегі Зияткерлік мектепте екінші шет тілін оқыту жобасы қолға алынды. Оқушылардың сұранысына сәйкес мектептің оқу бағдарламасына неміс, қытай және кәріс тілдері енді.
«Екінші шет тілін меңгеру көптеген гранттық жобаларға қатысуға жол ашады. Және де бірнеше тіл білгеніміздің арқасында болашақта әлемнің қалаған оқу орындарына түсуге мүмкнігіміз бар», – деп бөлісті 10-сынып оқушысы Ксения Терзапуло.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |