Қызылордалық полицейлер қару алып жүрген күдіктіні құрықтады

12 тамыз күні полицияға облыс орталығы Журба көшесінің бойында белгісіз азаматтың қару алып жүргендігі жөнінде хабарлама түсті. Соған сәйкес жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде  38 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тексеру барысында одан шолақ мылтық алынды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті уақытша қамаққа алынды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен оған 5000 АЕК-ге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 тамыз 2019 г. 805 0