« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ташкент облысы Алмалық қаласында (Өзбекстан) белбеу күресінен 2002-2003 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Əлем чемпионатында Сыр спортшылары облыс қоржынына 8 медаль салды.
Əлем чемпионатына Қызылорда облысынан 12 спортшы өнер көрсетіп, 8-і жүлдемен оралды. Жүлделі орынды иеленген спортшылар ҚР спорт шеберіне кандидат нормативін орындады.
Атап айтсақ, 95 келіде Дарын Балтабай (10 БЖСМ) күміс жүлдені иеленді.
Алтынбек Өмірəлі (45 келі, 8 ОРМБЖМ), Назерке Əбілтаева мен Əйгерім Кеңесова (екеуі де 52 келі, 1 ОРМБЖМ), Мейіржан Қоқантаев (55 келі, 9 ОРМБЖМ), Аружан Думан (63 келі, 13 ОРМБЖМ), Жұлдыз Жұмахан (70 келі, 8 ОРМБЖМ) жəне Дамир
Мұңайтпасов (77 келі, 1 ОРМБЖМ) қола жүлделерге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Абдусаттар Садықов, Аслан Нұрхожаев, Қайрат Жолмырзаев, Берік Қасымбеков, Гаухар Бекетаева, Өмірбек Калменов, Біржан Иманбаев, Алмат Әбілтаев дайындады.
Жарысқа 15 елден 250-дей спортшы 17 салмақта сынға түсті.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |