« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Нұрас және Компания» ЖШС бұрынғы Қазалы өндірістік жол пайдалану учаскесі негізінде құрылған. Негізгі қызметі – жол жөндеу және жол құрылысы бойынша мемлекеттік тапсырыстар орындау, басқа да заңды және жеке тұлғаларға жол жөндеу техникаларын жалға беру.
Алғаш құрылған сәттен бастап серіктестік аудан көлеміндегі республикалық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, кент пен Қазалы қаласы, ауылдық округтеріорталықтарының көше жолдарын мемлекет тапсырысы бойынша ағымдағы және орташа жөндеу, жаңадан жол құрылысы жұмыстарымен айналасып келеді. Біршама уақыт бұрын Қазалы қаласының автомобиль жолдарына жөндеу жүргізсе, «Казахавтодор» мекемесіне қосымша мердігер ретінде «Самара - Шымкент - Шиелі-Жеміс- жидек», «Шиели-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын атқарған еді. Арада жыл өте «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының белгіленген аралығын, «Әйтеке би-Басықара» учаскелеріне орташа жөндеу, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, кенттегі №4 участок қөшелері құрылысын, өзге де жұмыстарды жүргізген.
Серіктестіктің өндірістік базасында әкімшілік ғимараты, қоймалар, жол құрылыс техникаларын жөндеу шеберханалары, гараждары бар. Мекеме жол жөндеу техникаларын жаңарту мақсатында Қытай Халық Республикасында шығарылған қуатты жүк көліктері, жүк тиегіш, автогрейдер, Германиядан жол жөндеу жұмыстары барысында асфальт қабатын жаятын құрылғы сатып алыпты. Байырғы механизаторлар, еңбек тәжірибесі мол жұмысшылардан жасақталған «Нұрас және Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алар асуы алда.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ
Қазалы ауданы.« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |