Түзеу мекемелерінде Ашық есік күні өтті

Бүгін облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/5 түзеу мекемелерінде облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен «Түзеу мекемелерінде ұсталатын жазасын өтеушілерге кешенді жеке қабылдаулар – Ашық есік күні өткізілді».
Ашық есік күніне облыс әкімінің орынбасары М.Делмұханов, қоғамдық байқау комиссиясының төрағасы С.Теңізбаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
 Өткізілген шара барысында сотталғандар сот үкімдеріне және жаза өтеу жағдайы мен өздеріне қатысты жекелеген сұрақтары бойынша қабылдауда болып, қойған сауалдары бойынша жауаптар берілді.
Сотталғандар денсаулық жағдайы, қылмыстық ісі сұрақтар берді. Мекеме әкімшілігінің ұстау жағдайы бойынша арыз-шағым болған жоқ.
Бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың 82,4%-і жұмыспен қамтылып, құқық бұзушылық, өз-өзіне дене жарақаттарын салу екі есеге төмендеген.
Сонымен қатар, ЗК-169/1, ЗК-169/5 мемлекеттік мекемелеріне 4G форматындағы радиосигналдарды басатын заманауи құрылғылары орнатылып, ол құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізді. Қол жүктерін сканер арқылы тексеріп, ұялы телефон құралдары мен басқа да тыйым салынған заттардың мекемелер аумағына заңсыз кіргізу деректері тоқтатылған
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 тамыз 2019 г. 788 0