« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 13 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, кей жерлерде желдің күші 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында жел 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, кей жерлерде Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда, кей жерлерде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |