« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова баланы мектепке 6 немесе 7 жасынан бастап жіберу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаңтарда Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңға ағымдағы жылдан бастап 6 жасқа дейінгі балалар мектептерге қабылданады деген өзгерту енгізілді. Бұрын 6-дан 7-ге дейін деп жазылған болатын. Ата-аналар өздері білетін. Баласын 6 немесе 7 жаста мектепке беретін. Заңға түзетулер жылдың ортасында енгізілді, ата-аналар дайын болмады, балаларын дайындамады. Сондықтан,биылғы жылы олар таңдау құқығына ие: баланы беру-бермеу туралы шешімді өздері қабылдайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6 жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жасар балаға арнап дайындалған. Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз», - деді Гүлнәр Қожабергенова брифингте.
Алайда ол, ата-аналар балаларын мектепке 6 жастан жіберу керек деп атап өтті. Себебі, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу басталды. Білім басшысы 6 жасында баласын мектепке жібермеген ата-аналарға ешқандай шара қолданылмайтынын баса айтты.
«Ата-аналардың бала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне негіз жоқ. Бағдарлама 6 жасар балаға арналған», - деп түйіндеді білім басқармасының басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |