Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 7 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде желдің күшейюі, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысында, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ал Алматы облысында өте қатты ыстық болатыны болжанады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2019 г. 358 0