« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2018 жылы 23 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесінде орналасқан үйде бір азаматтың зорлық-зомбылықтың белгілері бар мәйіті табылған.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталып қамауға алынған.
Ұсталған азаматтың жеке басын анықтау барысында, оның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі анықталды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, айыпталушы азаматтың аталған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толық әшкерленді.
Қазіргі уақытта айыпталушы азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |