« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 6 тамыз күні Қазақстанның батысында және шығысында құбылмалы күн райы сақталады - кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейеді, дауыл, тұман, шаңды дауыл және бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с артады, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерін тұман басып, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Түркістан облысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында күндіз дауыл, шаңды дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің 16 м/с күшеюі күтіледі.
Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |