Жосалы кентінде теміржолшылар күні мерекесіне байланысты сала қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.Оған 7 команда қатысты. Тартысты да қызықты сәттерге толы өткен жарыс қорытындысымен «ДС» (Жосалы стансасы) құрамасы барлық қарсыластарын ұтып, жарыс жеңімпазы атанса, ІІ орынға «ШЧ-40» командасы, ал жүлделі ІІІ орынға «Локоматив» командасы көтерілді.
Сонымен бірге, жарыс барысында өздерінің үздік ойындарымен көрермен көзайымы атанған Көптұрсын Қазбеков (Локоматив) және Жаңабек Кемелбеков (ШЧ-40) демеушілер тағайындаған арнайы жүлделерге ие болды.
Қармақшы ауданы.