65 жыл бұрын (1954-2000) белгілі әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка бөлімін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыкалық факультетін бітірген. 1978-1984 жылдары Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облыстық филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды.
Оның орындауындағы «Айқарагөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр», тағы басқа көптеген әндері мен «Кірмеші жиі түсіме», «Сағым жылдар» сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері М.Ерәлиеваның өзіне тән ғана әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақышты бояуымен халық жадында қалды. Ол халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.